Баварияда паранжы мен ниқабқа заң жүзінде тыйым салынбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баварияда бетті толығымен тұмшалайтын мұсылман киімі - паранжы мен ниқабқа тыйым салуды көздейтін заң жобасы ұсынылды. 

Тыйым мектептер мен университтерде іске асырылатын болады. Сондай-ақ аталмыш киіммен жұмысқа келуге және көлік жүргізуге тыйым салынбақ.

Ішкі істер министрі Йоахим Германнның айтуынша, бет-әлпетті жасыру дәстүрі Германиядағы адаммен қарым-қатынас мәдениетіне қайшы келеді. Министрдің атап өтуінше, қарым-қатынас демократиялық қоғам шарттарының бірі болып табылады.

Тыйымға қарсы шығушылар мұның практикалық мәні аз екенін айтуда, себебі Баварияда мұсылмандар көп емес. Тыйымға қарсы адамдардың пікірінше, бұл шара популистік болып табылады және осы жылғы қыркүйекке жоспарланған федералдық парламент сайлауының жақындауымен қабылданып отыр.

Жергілікті парламентте депутаттық орындардың басым бөлігі Христиандық-әлеуметтік одаққа тиесілі. Пікір білдірушілер атап  өткендей, заң жобасы жазғы каникул басталғанға дейін қабылдануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар