Бауыржан Байбек ұшақ апатында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматы əкімі Бауыржан Байбек ұша қ апатында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала билігінің атынан білікті дəрігерлер Талғат Патсаев пен Жəнібек Артықбаевтың, барлық экипаж мүшелерінің қазасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл тек қана бір отбасының ғана емес, барлық медицина қауымдастығы үшін орны толмас өкініш», - деп хабарлады қалалық əкімдіктің баспасөз қызметі мегаполис басшысының сөзін келтіре отырып.

Сонымен қатар, əкім денсаулық сақтау басқармасына қайғы жұтқан отбасының мүшелеріне барынша көмек беруді тапсырды.

Еске салайық, 3 қазан күні Алматы-Шымкент бағытында санитарлық авиарейсін орындаған «Ан-28» ұшағы сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта радардан жоғалып кетті.  Сағат 19.15-те ұшақ Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында апатқа ұшырап, өртенгені хабарланды. Бортта болған 5 адам қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар