Бауыржан Байбек М.Әуезов атындағы драма театр ұжымына шағын автобус сыйлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық театрын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Кеше аталған театрдың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтілді. Қала әкімі драма театрдың басты сахнасында «Hyundai» маркалы шағынавтобус кілтін салтанатты түрде театр басшылығына табыс етті. Құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек театрдың тарихымен мәдени мұрасы оңтүстік астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның өнер шежіресіне айналғанын айтты.

«Театрдың өмірбаяны сонау 1925 жылы Қызылорда қаласынан басталады. Өнердің биік шыңының үлгісі болған театрымыз еліміздің мәдениетіндегі беталыстарға бастама болып келеді. Осы киелі сахнада Шекспирдің, Островскийдің, Гогольдің, Горькийдің және көптеген атақты классиктердің шығармалары қойылды», - деп қала басшысы. 

null null  

Соңғы жаңалықтар