Бауыржан Байбек эстрада жұлдыздарына Универсиада Елшісі сертификатын табыстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 2017 жылғы 28-ші қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай ұйымдастырылған шарада қала басшысы Бауыржан Байбек Қазақстан эстрада жұлдыздарына Универсиада Елшісі сертификатын табыс етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Халықаралық студенттер ойындарының ресми өкілі болып, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қыдырәлі Болманов, әнші Жанар Доғалова, Әли Оқапов пен «Жаңа толқын-2009» лауреаты Нұржан Керменбаев таныстырылды. Қала басшысы Бауыржан Байбек салтанатты шарада оларға сертификаттарын табыс етті.

Айта кетейік, сондай-ақ бүгін Универсиаданың басталуына 100 қалғанына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада халықаралық студенттер ойындарының әнұраны таныстырылды.

Әнұран авторы Ислам Рақымжанов бүгін алғаш рет универсиада әнұранын әнші Нұрлан Абдуллин және Лоренмен бірге орындады.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Қазіргі таңда 58 мемлекет жарысқа қатысатынын растады. Универсиадада спорттың 12 түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ұтысқа салынады. Сондай-ақ, жарыстар 8 спорттық нысанда: «Алматы Арена» және «Халық Аренадан» бөлек, «Шымбұлақ», «Медеу», «Сұңқар» трамплині, Б. Шолақ а1тындағы Спорт сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және Алматы облысындағы  «Табаған» кешенінде өтеді.

Универсиадаға арналып, Алматыда 3 жаңа нысан салынған: 12 мың орындық «Алматы Арена», 3 мың адамдық «Халық арена» және 5 мың орынға арналған Атлеттер қалашығы. Бұл нысандардың барлығы мерзімінен екі айға ерте қолданысқа берілді.

Соңғы жаңалықтар