Бауыржан Байбек «Алаш прайд» өкілдеріне сәттілік тілеу үшін ашық жаттығуға барды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының «Астана» алаңында «Алаш прайдтың» өкілі Арман Оспанов ашық жаттығу өткізді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«ALASH PRIDE FC» промоутерлік компаниясының өкілі, Қазақстанның ең үздік файтері Арман Оспанов («Сұңқар») бұл ашық жаттығуын 9 қыркүйек күні «Алматы Арена» спорт сарайында өтетін халықаралық ALASH PRIDE - АСВ турнирі алдында жанкүйерлеріне арнап өткізді.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жігіттерге сәттілік тілеу үшін ашық жаттығу өтіп жатқан алаңға арнайы барды.

«Қала күні қарсаңында 70-тен астам түрлі шара өткізіп жатырмыз. Елбасының қолдауымен «Астана» алаңы жаңарды. Үлкен жұмыстар атқарылды. Абай атындағы Опера және балет театры маңайы еуропалық стильде жасалып жатыр. Жібек жолы көшесі жаңадан ашылатын болады», - деді қала әкімі.

Ашық жаттығудан кейін жанкүйерлерге қолтаңба үлестіріліп, фотосессия жасалды.

«ALASH PRIDE - АСВ» - осы күздегі ең елеулі аралас жекпе-жек оқиғасы болмақ. Аталған ММА турнирі аясында 15 жұп айқасқа түседі. Олар Қазақстан, Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар