Батысқазақстандықтар О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» кітабымен танысуда

None
None
ОРАЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат -  Елімізде биыл да жалғасын тапқан «Бір ел - бір кітап» іс-шарасы аясында Ақжайық ауданы оқырмандары жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повестер мен әңгімелер жинағымен танысты.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жылдағы  үрдіс бойынша кітап марафонын аудан орталығындағы мектептер мен балалар шығармашылығы орталығы бастады. Олар Оралхан шығармашылығының өзгешелігіне, қазақ әдебиетінде өзіндік, соны із қалдырған қаламгер екеніне тоқталып, оқыған шығармаларынан түсінік берді. Жиналған көпшілікке, әсіресе, шәкірттердің туындыдан үлкен әсер алғандары ұнады.

М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі Шұға Жиесова «Бір ел - бір кітап» акциясының тәрбиелік-тағылымдық мәніне тоқталып, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Қаламгердің «Тартпай мінген ақ боз ат», «Жылымық», «Апамның астауы», «Құмар қол бұлғапты» секілді тамаша туындылары, әсерлі әңгімелері жайында көпшілік ой толғады. Кітапханашы Римма Саранова «Көркем сөз өнерінің шебері» атты кітап көрмесіне шолу жасай келіп, дәстүрлі кітап марафонының шарттарымен таныстырды. Шара соңында жас оқырман Қ.Биғали Оралхан шығармалары мен ауыспалы марафон белгісін «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының қызметкері Л.Сембаеваға табыстады. Енді бір айдан соң кітап пен белгі дәл осындай шара үстінде келесі ұжымға ой бөлісу, пікір алмасу арқылы тапсырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар