Батысқазақстандық жыршы бүкілресейлік жыршылар фестивалінде күміс жүлдегер атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық жыршы Фархат Оразов Башқұртстан астанасы Уфа қаласында 23-24 қазанда өткен бүкілресейлік жыршылар (сэсэндер) фестивалінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көптеген түркі халықтарының өкілдері қатысқан өнер додасында Фархат Махамбеттің толғауы мен «Қарасай - Қази» жырын нақышына келтіре орындап берді.

null  

«23 қазанда фестиваль болып, 24-інде гала-концерт қойылды. Шара барысында тува, хакас, якут, башқұрт, алтай, ноғай, қазақ, қырғыз, қалмақ, карел, орыс секілді халықтардың эпостық жырлары орындалды. Бас жүлдені («Алтын домбыра» төсбелгісі) башқұрт өнерпазы иеленсе, алтын жалатылған күміс белгі қырғыз манасшысы мен ноғай жыршысына, тува мен якут қыздарына бұйырды. Маған күміс белгі берілсе, Батыс Қазақстан облысынан барған тағы бір жыршы Сұңғат Жанаевқа Башқұртстан қурайшылар одағының арнайы сыйлығы табыс етілді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осылайша жүлдемен қайтып келе жатырмыз», - деді Ф.Оразов ҚазАқпарат тілшісіне.

Айта кетейік, Фархат Оразов - кең байтақ елімізге танылып келе жатқан жас жыршы-термеші. «Қырымның қырық батыры», қазақтың басқа да жыр-дастандарын, толғау-термелерін көмейінен төгілте орындайтын Фархат түрлі деңгейдегі шараларға үнемі қатысып, халқымыздың өнерін кеңінен насихаттап келеді. 

null 

Соңғы жаңалықтар