Батысқазақстандық журналист республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің тілшісі Динара Киндербаева ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») деген тақырыпта өткізген республикалық байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өткізілген байқауға барлығы  57 материал түсіп, соның таңдаулылары сайтқа орналастырылған. Құрамында белгілі саясаткер Айдос Сарым, журналистер Нұрлан Махмудов, Сәкен Сыбанбай, Полина Шиманская және басқалар бар қазылар алқасы үздіктерді анықтады.

Байқауға орталық және облыстық басылымдар журналистері, әлеуметтік желі белсенділері, студенттер мен оқушылар, түрлі мамандық иелері қатысты. Солардың арасынан Динара Киндербаеваның «Бұлдыртылық француз» материалы үздік шығып, авторға бас жүлде (100 мың теңге) бірауыздан берілді.

«Динара газетімізде төрт жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасайды. Соның алдында да баспасөз саласында біраз тәжірибе жинақтаған ол - беткеұстар журналистеріміздің бірі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы әрі облыстық газеттердің 100 жылдығы қарсаңында бұл айтулы жетістік болып отыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйқова.

Соңғы жаңалықтар