Батысқазақстандық жас ақын республикалық мүшәйраның жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің рухына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауында батысқазақстандық Талғат Мықи жүлдегер атанды.

Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру, жас таланттарды қолдау бағытында ұйымдастырылған сайысқа еліміз өңірлерінен 29 үміткер қатысты. Солардың қатарында Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының маманы Талғат Мықи үшінші орынды иеленді. «Байқау шарты бойынша бірінші өлең Тұманбай Молдағалиевке, екіншісі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. Жан-жақтан келген ақындар бір-біріміздің жырларымызды тыңдап, бір жасап қалдық», деді Т.Мықи.

Айта кетейік, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген Т.Мықи жазба жырларын жазып, кітап шығарумен бірге айтысқа да қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар