Батысқазақстандық шекарашылар Кәрім Мәсімовтің атынан медальдармен марапатталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын болып, сала үздіктері марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бұдан ширек ғасыр бұрын, 1992 жылы 18 тамызда Елбасы Жарлығымен ҚР Шекара әскерлері құрылған болатын. Қазақстандық шекарашылар 15 мың шақырымнан асатын мемлекеттік шекараны абыроймен күзетіп келеді.

Салтанатты жиында №2029 бөлім командирі Бауыржан Рысбеков ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің құттықтау жеделхатын оқып, бір топ шекарашыларға мерекелік медальдарды табыс етті.
null 
null 

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаевтың атап өткеніндей, қазіргі таңда шекара қызметі осы заманғы техника, құрал-жабдықтармен, білікті де тәжірибелі мамандармен қамтамасыз етілген. Облыста №2029 әскери бөлімі 2000 жылы 10 қазанда құрылып, шекарашылар өз міндетін мүлтіксіз атқаруда. Мысалы, тек өткен жылы ғана шекара қызметі жүйесінде 237 құқықбұзушылық тіркеліп, 496 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ел аумағында болу тәртібін бұзған 384 азамат ұсталды. Мемлекеттік шекара арқылы 3,7 млн астам адам өткен.  132 заңсыз жүк пен тауар, 38 қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалының жолы кесілді. Мұның бәрі шекарашылардың қырағылығын көрсетеді.
null 

Шара барысында сондай-ақ бірқатар шекарашылар облыс  әкімінің, ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті басшысының алғысхаттарына ие болды. 
null 

Соңғы жаңалықтар