Батысқазақстандық самбошы ел кубогының жеңімпазы атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Семейде Қабанбай батырды еске алуға арналған самбодан Қазақстан кубогы үшін жарыста сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ерлер арасында Еркебұлан Қалеш 82 кг салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Ол сөйтіп спорт шебері атағын қорғап, Мәскеу қаласында алдағы жылдың қаңтар айында өтетін әлем кубогы кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ Нұрымжан Ғаббасов 90 кг салмақта қола жүлдені иеленді.

Әйелдер арасында Әйгерім Телемгенова (56 кг), Қаншайым Еркінғалиева (60 кг), Әсем Телекова (68 кг), Гауһар Сағадат (72 кг) қола медальді еншіледі. Олар командалық есепте де үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, самбошылардың бапкерлері - Бірлес Есенғалиев, Талғат Балмағамбетов және Альмира Исатаева. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар