Батысқазақстандық садақшылар ел чемпионатында табысты өнер көрсетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасында жабық ғимаратта өткен ел чемпионатында батысқазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Қазақстанның жеті өңірінен 200-ге жуық спортшы қатынасып, бақ сынады.
null  

Садақ атудан БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Виталий Шкоков 20 спортшыны бастап барды. Солардың ішінде М-4 (18+18 метр) жаттығуында жастар арасында Артем Костин мен Талшын Құсайын чемпион атанса, Әлихан Нұрышев қола жүлдені иеленді.

М-3 (25+25 метр) жаттығуынан А.Костин екінші, Ә.Нұрышев үшінші орынға көтерілсе, Алина Ілиясова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ олимпиадалық айналым жаттығуында (18 метр) Т.Құсайын екінші, А.Ілиясова үшінші орынды иеленді. Командалық жаттығуда (Mix) А.Костин мен Т.Құсайын күміс жүлдені еншіледі. Ерлер арасында (Mix) Константин Солодовников пен Роза Зайнеденова қола медальді олжалады.

Ерлер құрамында Сағадат Нұғман, Арнұр Нұрмаханбет, Сапар Байниязов, Ғалимат Қуанышқали бар БҚО құрамасы үшінші, ал жастар (А.Костин, Манас Қуанышқалиев, Ә.Нұрышев, Владимир Сорокин) екінші орынға шықты. Ал қыздар (А.Ілиясова, Т.Құсайын, Анар Волобуева, Альбина Жамилова) чемпион атанды. Ерлер арасында командалық жаттығудан К.Солодовников, Иван Силин, Анатолий Маслюткин үшінші орынға табан тіреді.
null  

Соңғы жаңалықтар