Батысқазақстандық «Назерке» ансамблі Грузияда өткен фестивальда табысты өнер көрсетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласындағы «Назерке» үлгілі би ансамблі Грузия астанасы Тбилиси қаласында өткен халықаралық «Fiestalonia Georgia» фестиваль-байқауында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Испанияда бастау алып, Италия, Францияда жалғасқан аталмыш балалар шығармашылығы фестивалі Грузия елінде алғаш рет ұйымдастырылып, оған әлемнің Ресей, Украина, Израиль, Үндістан, Армения, Қазақстан, Әзербайжан сынды елдерінен 400-дей орындаушы мен ұжымдар қатысты.

null
Айнұр Мұқанғалиева жетекшілік ететін «Назерке» ансамблі «Хореография» аталымы бойынша бақ сынады. Соның ішінде солодан Айдын Наурыз үшінші орынды иеленсе, Анар Зейнуллина екінші сатыға көтерілді. Ұжымдар бойынша «Назерке» ансамблі бірінші орынды еншіледі. Барлық турда да ансамбль қазақтың халық билерін орындап берді.

null  

Фестиваль қорытындысына сәйкес «Назерке» ансамблі Италияда өтетін тағы бір халықаралық фестивальға жолдама алды.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Медхат Қамбетовтің айтуынша, оқушылардың «Назерке» би ансамблі - осыған дейін де көптеген байқауларға қатысып, жүлде алып жүрген өнер ұжымы.

Соңғы жаңалықтар