Батысқазақстандық қос дойбышы ел чемпионы атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық қос спортшы дойбыдан Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасындағы «дойбы 100» бойынша өткен жарысқа сегіз облыстан жетпістен астам спортшы қатысып, бақ сынады.

БҚО-дан №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қос дойбышысы Айшат Ақылбек пен Елизавета Бапиева өңір намысын қорғады. 23 жасқа дейінгілер арасында Е.Бапиева классикадан, рапидтен және блицтен үш алтын жүлдені жеңіп алып, абсолютті чемпион атанды. Ал Айшат Ақылбек әйелдер арасында екі алтын медальға (рапид, блиц) ие болды. Олардың жаттықтырушысы - Данияр Жұмагелдиев.

Соңғы жаңалықтар