Батысқазақстандық қол күресі шеберлері әлем чемпионатына жолдама алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында гір спорты және қол күресінен өткен ел чемпионатында БҚО құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жасөспірімдер мен жастар, ардагерлер мен қыздар және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен айтулы додаға барлық облыстардан командалар қатысып, 850-ге жуық спортшы сынға түсті.



Біріншілікке Батыс Қазақстан облысынан барған Азон Шаймарданов, Ақтоты Мәлік, Кенжеқыз Қаупенова, Анжелика Степанюк ел чемпионы атанса, Арайлым Қанатова қол күресінен үшінші орынға көтерілді. А.Шаймарданов А.Мәлік, К.Қаупенова, А.Қанатова әлем және Азия чемпионаттарына жолдама алды. Сол секілді қола жүлдеге ие болған Меруерт Байниязова, Қайрат Құлбарақов және Сүйесін Құмаров Азия біріншілігіне барады.

Оған қоса гір спортынан Қанат Иманәлиев, Валерия Седова, Гүлнұр Сайынова және Расул Төлеуов ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Спортшыларды Мұрат Ибатов, Ғұмар Әжіғалиев, Нұрхат Нысанов, Аманбек Қошанов, Ниязбек Карлов және Нұрлыбек Жұмағалиев дайындап апарды.



Айта кетейік, батысқазақстандық қол күресі шеберлері бұдан бұрын да әлем, Азия біріншіліктерінен олжамен оралып жүр.

Соңғы жаңалықтар