Батысқазақстандық дзюдошы әлем чемпионатына жолдама алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Талдықорған қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде жеңімпаз атанғандар қатарында батысқазақстандық спортшы да бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыс алдағы жазда АҚШ-та өтетін әлем біріншілігіне іріктеу болып табылады. Оған 1998-1999 жылы дүниеге келген 400-ден астам дзюдошы қатысуда.

Батысқазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин 73 кг салмақта жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем чемпионатына жолдама алды. Оның бапкерлері - Талғат Балмағанбетов пен Азамат Қапсатов.

Оралдан барған тағы бір дзюдошы Ерлан Оңалов 55 кг салмақта қола жүлдеге ие болды. Оны Нариман Бекқалиев пен А.Қапсатов жаттықтырады.

Айта кетейік, ел чемпионаты бүгін мәреге жетті.

 

Соңғы жаңалықтар