Батысқазақстандық белгілі балуан республикалық турнирде бақ сынады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында грек-рим күресінен Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған республикалық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Алдағы жылға Қазақстан құрамасына іріктеу болып есептелгендіктен, айтулы додаға Алмат Кебіспаев, Демеу Жадыраев, Нұрмахан Тінәлиев, Даниял Гаджиев сынды мықты палуандардың бәрі қатысты.

null 

Турнир қорытындысында салмақ дәрежелеріне қарай Қорлан Жақанша (55 кг, Алматы қ.), Нұрсұлтан Қалмұрзаев (60 кг, ОҚО), Мейрамбек Айнағұлов (63 кг, Ақтөбе), Алмат Кебіспаев (67 кг, Астана), Демеу Жадыраев (72кг, Алматы о.), Тамерлан Шадукаев (77 кг, Қостанай), Даниял Гаджиев (82, Алматы), Хусейн Муцолгов (87 кг, Қарағанды), Жанарбек Қабдолов (97 ккг, СҚО), Нұрмахан Тінәлиев (130 кг, Алматы о.) чемпион атанды.

null 

Осы турнирде үш жылдық үзілістен кейін екі ай ғана дайындалып, батысқазақстандық Артур Үмбетқалиев те бақ сынады. Ол 55 кг салмақта үшінші орынға ие болды.

null  

«Менің бірінші бапкерім Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Жұмашев екені белгілі. Ол кісі қайтыс болғаннан кейінгі жаттықтырушым - Қазақстан құрамасының аға бапкері Нұрым Дүйсенов. Екінші бапкерім - Серік Жұмашев. Қазір жасым 27-де, Қазақстан ұлттық құрамасына қосып, жаттығу жиынына шақырып жатыр. Дегенмен Оралдағы спорт мектебінде бапкерлікпен де айналысып жүрмін, шәкірттерім бар. Сондықтан бапкеріммен ақылдаса келе, күресуді осымен қойғанды жөн көрдім», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Артур Үмбетқалиев.

null 

Айта кетейік, Артур Үмбетқалиев Мұрат Жұмашевтің бапкерлігімен 2009 жылы Анкара қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен әлем чемпионатында чемпион атанған болатын. Одан кейін ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мен кубогы және басқа жарыстарда топ жарды.

null 

Соңғы жаңалықтар