Батыс Қазақстаннан ЭКСПО-ны тамашалауға 6,5 мың оқушы барады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысынан 6,5 мыңдай оқушы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оның айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша биыл мектеп оқушыларының 92,2 пайызы (2016 жылы - 91,4) жазғы демалыспен қамтылмақшы. Стационарлық лагерьлер саны (19) бұрынғыша қалса, оған қоса мектеп жанында 531 лагерь және тамақсыз 228 алаңқай ұйымдастырылмақ. Шатырлы лагерьлер саны 22-ден 29-ға жетпекші. 4,5 мыңнан астам шәкірт облыс пен республика бойынша экспедициялар мен туристік саяхаттарға шықпақшы.

Айта кетейік, биыл ҰБТ екі кезеңге бөлініп отыр. Бірінші кезең - қорытынды аттестаттау. Мектеп бітірушілерге арналған бұл мемлекеттік емтихан тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі. Екінші кезең - Ұлттық бірыңғай тестілеу, яғни жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. ҰБТ облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық унивеситетінде орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтеді.

Биыл мектептерді 4206 түлек бітіргелі отырса, соның 3 229-ы немесе 76,77 пайызы  тестілеуге қатысады.

Соңғы жаңалықтар