Батыс Қазақстаннан Ақтөбеге жылқы қуып кеткен барымташылар ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  13 қараша күні белгісіз біреулер Шыңғырлау ауданы аумағынан 22 жылқыны айдап кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, таңертең шаруа қожалығының басшысы ұялы телефонының көмегімен жылқының біріне бекітілген GPS - треккерден түскен белгіге қарап үйірдің көршілес Ақтөбе облысы аумағында екендігін шамалайды. Сол бойда учаскелік полиция инспекторларына және аудандық ішкі істер бөліміне хабар береді. Іздестіру шаралары барысында жылқы үйірі Ақтөбе облысы Қобда ауданы Победа ауылы маңынан табылды. Учаскелік инспекторлардың жедел іс-әрекеті нәтижесінде қашып кетпек болған қос барымташы (екеуі де Ақтөбе облысының азаматтары) ұсталды.

null 

Қазіргі кезде олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің жауаптарына қарағанда, Ақтөбе облысының тағы бірнеше тұрғынының осы қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

null 

Айта кетейік, өңірде биылғы он айда тіркелген мал ұрлығы 27,9 пайызға (484-тен 349-ға) қысқарды. Жыл басынан бері 1774 мал ұрланып, соның 1302-сі немесе 73,3 пайызы иелеріне қайтарылды. 

null 

Соңғы жаңалықтар