Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен тұрғын іздестірілуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен тұрғын іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі Жалпақтал полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Асан Мұстағатовтың сөзіне қарағанда, осы ауданға қарасты Ақпәтер ауылының 34 жасар тұрғыны 18 сәуір күні жоғалып кеткен. Содан бері іздестірілуде.

Дамир Сатыбалдиев сол күні сағат 17.00 шамасында үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Оның бойы 165-170 см, арықша келген, шашы қысқа, қара. Үстінде сұр түсті күрте киіп шыққан. Сұр трико мен қоңыр түсті сүйретпе болуы мүмкін.

Көрген-білгендер болса, БҚО ішкі істер департаменті, 8(7112) 51-04-50, 92-10-26 немесе 102 нөміріне, сондай-ақ Жалпақтал полиция бөлімі кезекшісіне 8(71138)21-150, 21-490 нөміріне хабарласуы сұралады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын осы ауданда өткен жылы жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар