Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен балықшы 10 күннен бері табылмай жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында балық аулауға шыққан тұрғын жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, бұл оқиға жөнінде хабарлама 23 сәуір күні сағат 08.00-де түскен.

Теректі ауданы Шаған ауылдық округінде 1954 жылғы азамат 14 сәуір күні Сатым елді мекенінен бес шақырым жерде Жайық өзеніне балық аулауға кетіп, содан оралмаған.

Мәлімет түскеннен кейін БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағынан 9 адам 2 техника, 2 жүзу құралымен ауданға барып, жергілікті полиция қызметінен бір қызметкер және 1 техниканың көмегімен іздестіру жұмыстарына кіріскен. Оған кинологтар да қосылды.

Теректі ауданы әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас инспекторы Бақытжан Есқожин де балықшының әлі табылмағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын осы Теректі ауданында балық аулауға барған Ресейден келген азаматтың суға кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар