Батыс Қазақстанда Жайық өзені арқылы автокөпір салынады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автокөпір салу көзделуде. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медет Шақаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылы тұсындағы көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаның құны - 33,9 млрд теңге. Көпір құрылысын 2019 жылы бастау жоспарлануда.

Есептеулер бойынша аталмыш көпір жол қатынасын шамамен 1 мың шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, Ақтөбе-Жымпитыдан келіп, Чапаев арқылы Батыс Қазақстанның оңтүстік аудандарына, сондай-ақ Ресей Федерациясының Волгоград сияқты облыстарына, Ставрополь және Краснодар өлкелеріне, Кавказ бен оның арғы жағындағы республикаларға, Еуропаның оңтүстігіндегі елдерге тікелей шығуға болады. Осы бағыттарға жүк тасымалын жеңілдетеді. Оған қоса мұның жол бойында тұратын халық үшін әлеуметтік маңызы бар. Жаңадан қызмет көрсету нысандары салынып, жұмыс орындары ашылады. 

Соңғы жаңалықтар