Батыс Қазақстанда жаңа музей ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мейрамына орай Шыңғырлау ауданында жаңа музей ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Биыл ескі ғимаратты қайта жөндеу үшін бюджеттен 58 млн теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «Өркенсервис» ЖШС (директоры Берік Нұрмұханов) атқарып шықты.
 null 

Жаңа музейде (директоры Тілеген Қалиев) археология және экология, аудан тарихы, «Рухани жаңғыру», Тәуелсіздік және қазіргі заманғы шығармашылық залы бар. Ғимаратта жәдігерлерді сақтау үшін барлық жағдай жасалған, музей Led-экранмен жабдықталған.

Күні бүгін музейде 3 мыңдай экспонат бар.
null 

Музейдің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева қатысып, аудан тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

Аудан әкімі Альберт Есәлиевтің айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар бұдан кейін де жалғасатын болады.

Тәуелсіздік күніне орай Шыңғырлау ауданында 39 жаңа пәтер де пайдалануға берілді. Сегізсай, Лубен, Белогор, Полтава елді мекендерінде бюджеттік мекеме қызметкерлеріне арналған 4 екі пәтерлік, сондай-ақ аудан орталығында 31 бір пәтерлік тұрғын үйлер бой көтерді. «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 270,324 млн теңге бөлініп, негізгі жұмыстарды бас мердігер «Батыскотломонтаж» ЖШС (директоры Дамир Балмолдин) атқарды.

Еске сала кетейік, кеше Орал қаласында «Рухани жаңғыру» музейі де ашылған болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар