Батыс Қазақстанда бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 13 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Оралда да осындай ауа райы орын алып, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін күшейеді.

Осыған орай ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қолға алынуда. Күш-құралдар дайындық күйіне келтіріліп, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

 

Соңғы жаңалықтар