Батыс Қазақстанда ауыл әкімдері халық алдында есеп беруде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірдің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жөнінде тұрғындар алдында есеп береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өңір басшысының биылғы есептік кездесуі 16 ақпан күні Оқушылар және жастар сарайында өтеді.

Осыған орай қазіргі кезде Орал қаласы мен аудандарда арнайы жәшіктер орнатылып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері, ескертпелері жинақталуда. Сондай-ақ олар өз ойларын [email protected] электронды поштасына жолдай алады.

Облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы Жасұлан Нұрғожиннің айтуынша, қазіргі кезде ауыл әкімдері есеп беруде. 31 қаңтар мен 12 ақпан аралығында өтетін 12 аудан мен Орал қаласы әкімінің есептік кездесулеріне өңір басшысы Алтай Көлгіновтің қатысуы жоспарланып отыр.

Облыста барлығы 406 есептік кездесу өтпек.

 

Соңғы жаңалықтар