Батыс Қазақстанда 70-тен астам киікті атқан тұрғын ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жетпістен астам киікті атқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесе отырып, рейдтік шаралар барысында 12 қаңтар күні сағат шамамен 13.00-де Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округі аумағында заңсыз киік аулағаны үшін Ақжайық ауданының 1973 жылғы тұрғынын қолға түсірді.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнынан мүйізі кесілген 72 киіктің ұшасы табылған.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. 

Соңғы жаңалықтар