Батыс Қазақстанда 21701 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 21701 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабына сәйкес 1855 ұсақ бұзақылық тіркелген. Мұның 1151-і ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін жауапқа тартылған. Сондай-ақ 4607 адам қоғамдық орындарда алкогольды ішімдіктер ішкені үшін 440-бапқа сәйкес жазаға іліккен. Ал 2438 адам белгіленбеген орындарда темекі шеккен (441-бап). Сол секілді тыныштықты бұзған 536, ит пен мысықты ұстау ережесін елемеген 854, аумақты абаттандыру ережесін сақтамаған 1914 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Айта кетейік, Елбасының «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату туралы тапсырмасына сәйкес жыл басынан бері өңірде облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алған «Өзіңнен баста!» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта «Мүлдем төзбеушілік» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар