Батыс Қазақстанда 21 әлеуметтік нысан салынуда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 21 әлеуметтік нысан салынуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаевтың айтуынша, бұл мақсатқа биыл 8170,382 млн теңге бөлінген болатын. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі ұдайы бақылауда.

Сондай-ақ, биыл 65 мыңнан астам адам тұратын 55 елді мекенді ауыз сумен қамту үшін 39 жобаны жүзеге асыруға 9,1 млрд теңге қаралды. Сонда облыс ауылдарын сумен қамту көрсеткіші 42,4 пайызға жетпекші. Барлығы 187 елді мекен орталықтандырылған су көзін пайдаланатын болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы 14,6 млрд теңгенің жұмыстары атқарылды. 12,7 млрд теңге қаладағы 14 көп қабатты және ауылдардағы 188 үй құрылысына жұмсалса, 1,9 млрд теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 15 жобасын жүзеге асыруға бағытталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы да жалғасады.

2018 жылы 4 білім, 1 қоршаған ортаны қорғау нысанын және ауылдарды сумен қамту үшін 15 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 спорт, ауылдық жерде 2 сумен қамту нысаны салынбақшы. 

Соңғы жаңалықтар