Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік басқармасының басшысы ауысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Арман Жанатұлы Жалмағамбетов Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырып, табысты қызмет атқаруына тілектестігін білдірді.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Арман Жанатұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2006 жылы Түркияның Сельчук университетін тәмамдап, 2008 жылы АҚШ-тың Солтүстік Техас университетінде білім алған, экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласындағы «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ орталығының аудармашысы болып бастаған. Сондай-ақ 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, 2013-2014 жылдары Астана қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы, 2014-2015 жылдары Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің басқарма басшысы болды. 2015 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар