«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойында тағы бір сервистік кешен ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды. Сапар барысында аймақ басшысы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жеке кәсіпкер Ұзақов Болаттың «С» санатындағы жол бойы кешенімен танысты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Кешенді ашу салтанатында сөз алған облыс әкімі, жаңадан бой көтеріп жатқан кешен жұмысына, облыстағы, аудандағы атқарылып жатырған ауқымды істерге тоқталып, аудан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
null 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 115,0 млн теңге және жеке қаражаты есебінен 135,0 млн теңге, барлығы 250,0 млн. теңгеге жоба қаржыландырылған.

Жеке кәсіпкердің «С» санатты  Жол бойы кешеніне Бұқарбай батыр ауылдық округінен өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 1 715-ші шақырымынан 3,0 га жер телімі табысталды. Кешен жобасында жолаушыларға арналған дәмхана, сауда павильоны, қонақ үй, 12 жеңіл автокөлікке, 2 автобусқа, 7 жүк автокөлігіне арналған автотұрақ қарастырылып отыр.

Қазіргі таңда дәмхана, сауда павильоны және қонақ үй ғимараттарының құрылысы аяқталып, тұрғындар мен жолаушыларға қызмет көрсетілуде және 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жоба бойынша барлық нысандар іске қосылған уақытта 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.
null 

Облыс әкімі сонымен қатар, Таң ауылдық округіндегі «Таң бөбегі» балабақшасының жұмысымен танысып, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен, атап айтқанда мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, кәсіпкерлер, жастармен кездесу өткізді.

Кездесуде облыс әкімі Қ.Елеуұлы 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды облыс әкімінің Алғысымен марапаттады.  
null 

Соңғы жаңалықтар