Батыс аймақ бойынша үздік сардарлар анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сардарлары арасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, байқауға Атырау, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы алты әскери бөлімнен іріктеліп келген 25 сардар қатысты. Олар екі күн бойы мемлекеттік тіл, қызметтік-әскери тактиканы қолдану, жалпы әскери жарғы және басқа пәндер бойынша өз дайындықтарының қандай деңгейде екендігін көрсетті. Мысалы, Макаров тапаншасымен нысана көздеуден 5517-әскери бөлімінен (Орал) аға лейтенант Данияр Тұрсынов озық нәтижесімен дараланса, дене дайындығынан 6655-әскери бөлімінен (Ақтөбе) келген капитан Аслан Нұрғазиев алда болды.

null 

Жиын барысында сардарлармен «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиев қатысушылармен кездесіп, сардарлардың қарауындағыларға әрдайым үлгі көрсете білуі керектігін жеткізді.

null 

Байқау қорытындысында 5517-әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонының командирі, майор Марат Нұрмұратов «Үздік батальон командирі», 5546-әскери бөлімінен (Атырау) келген капитан Жандос Доспанов «Батальонның үздік штаб бастығы», осы бөлімнен аға лейтенант Шерзод Исмаилов «Үздік рота командирі», 5517-әскери бөлімінен аға лейтенант Данияр Тұрсынов «Үздік тәрбиеші», лейтенант Алмат Есжанов «Үздік взвод командирі» атанды. 

null 

Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, алдағы жылы қаңтарда Астанада өтетін байқаудың финалдық кезеңіне жолдама алды. 

null null 

Соңғы жаңалықтар