Батырлар аралас жекпе-жекте бағын сынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында аралас жекпе-жектен ересектер арасында облыстық турнир өтті, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Спортшылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған бәсекеге Атырау қаласындағы спорт клубтары мен Жылыой, Құрманғазы, Индер аудандарынан 80 астам спортшы қатысты. Олар он түрлі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, ақтық бәсекеге өткен жиырма спортшы Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Енді олар 24-27 ақпан күндері Атырау қаласында өтетін аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионатында Атыраудың намысын қорғайтын болады.   

- Жекпе-жек - батыр бабаларымыздың ежелгі спорты. Ол -  тарихқа құрмет, досқа адалдық, қарсыласқа әділдіктің белгісін көрсетеді. Қазір аралас жекпе-жектің арнайы ережесі бар. Бұл спорт түріне балаларды 7 жастан бастап баулимыз. Оларды рухани тәрбиелеуіміз қажет. Қазір шыбық тимес шыңқ етерлер көбейіп кетті. Түртіп кетсең құлай кетеді. Кешегі бабаларымыз қайсарлығын жекпе-жекте дәлелдеген. Бұл жігіттер де сегіз бұрышта бір-бірімен төбелескенімен сыртқа шықса айырылмас дос. Міне, рухани тәрбиенің ең маңыздысы осында, - дейді  Атырауға арнайы келген аралас жекпе-жек ұлттық федерациясының директоры Ерназар Әлімбетов.

Соңғы жаңалықтар