Батырхан Шүкеновтің әніне клип түсірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әнші Батыр Шүкеновтің көзі тірісінде жазылып, жарыққа шықпай қалған жаңа әнге клип түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Еске сала кетейік, кеше Батырхан Шүкеновтің әні мен клипінің тұсаукесері өткен болатын. Онда жаңа композицияның авторы Әлім Заиров әннің шығу тарихын айтып берген.

«Ән 2014 жылы жазылды. Біз Батырхан екеуіміз Мәскеуде кездестік. Мен Батырханнан оған арнап ән шығарғым келетінін айтып, рұқсат сұрадым. Ол алғысын білдіріп, келісті. Алматыға жете салысымен рояльға отырып, бір деммен әнді жазып шықтым. Батырхан кішкене ескертулер жасап, әнді қабылдады», - дейді Әлім Заиров.

«Бізді махаббат емдейді» композициясы әншінің 55 жасқа толған мерейтойына байланысты музыкалық арналар мен радиолардан беріліп отыр. Әннің сөз жазған ақын - Юлия Тен.

Биыл әнші тірі болғанда 28 сәуір күні 55 жасқа толған болар еді. Ол осыдан екі жыл бұрын Мәскеу қаласында дүниеден озды.

Соңғы жаңалықтар