Баспасөз күні қарсаңында Әзербайжан журналистеріне пәтер берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ұлттық баспасөз күні қарсаңында журналистерге пәтер тарату шарасына қатысты, деп хабарлайды Әзербайжан президентінің ресми сайты.

Журналистерге арнап салынған екінші ғимаратта 255 пәтер бар. Әзербайжан республикасы президентінің 2013 жылдың 22 шілдесіндегі «Әзербайжандағы баспа қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысымен салынған 17 қабатты ғимараттың жалпы құрылыс аумағы 34 мың шаршы метрді құрайды. Ғимаратта 9 бір бөлмелі, 144 екі бөлмелі, 93 үш бөлмелі және 9 төрт бөлмелі пәтерлер бар. Үйдің алдына спорт алаңы салынып, тұрғындардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. Осыдан кейін Ильхам Әлиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. «Каспий» газетінің бас редакторы Ильхам Гулиев, «Әзербайжан телевидениесі және радиосы» ЖАҚ ақпараттық бағдарламалар студиясының төрағасы Мехрибан Мамедова және Баспа кеңесінің төрағасы Афлатун Амашовтар мемлекет басшысының медиа қызметкерлерге көрсеткен қамқорлығы мен ықыласына алғыстарын білдірді.

Ильхам Әлиев пайдаланылуға берілген ғимараттың лентасын қиып, ішкі құрылысымен танысты.

Соңғы жылдары Әзербайжанда журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша маңызды бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. 2010 жылы елдегі журналистердің әлеуметтік қорғалуын нығайту және баспа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй жайын жақсарту мақсатында оларға арналған тұрғын үйдің бастапқы құрылысына 5 млн манат көлемінде қаражат бөлінді.

Өткен кезеңде бұл қаражат есебінен журналистерге арналған 156 пәтерден тұратын 17 қабатты үй салынды, барлық пәтерлерге жоғары дәрежелі жөндеу жұмыстары жасалды. Ғимараттың құрылысы мен оның аумағын абаттандыру жұмыстарын тұтас есептегенде, 22 миллион манат көлеміндегі қаржы жұмсалды. Әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тұрғын үйлерді тегін алады.

Әзербайжан президенті қаулысына сай салынатын ғимарат 255 пәтерді құрайды. Осылайша, 2010-2017 жылдары салынып, пайдалануға берілген екі үйдегі пәтерлердің және іргетасы бүгін қаланған үшінші ғимараттағы пәтерлердің жалпы саны 665-ті құрайды. Соңында журналистер ел президентімен ескерткіш суретке түсті.

Соңғы жаңалықтар