Баскетбол алаңында атыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Пенсильвания штатында баскетбол алаңында белгісіз адам көрермендерге оқ жаудырды, деп хабарлайды CBS News.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, төрт адам жараланған.

AR винтовкасы мен тапаншадан оқ атқан қылмыскер әлі ұсталған жоқ.

Атыс себептері анықталуда. Құқық қорғау органдарының айтуынша, қылмыскер негізінен адамдардың аяғына қарай көздеген.

Фото: © СС0 Public Domain

Соңғы жаңалықтар