Башқұртстанда жолаушылар автобусы тоғыз метрлік көпірден құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда Самара - Уфа - Челябі трассасында жолаушылар мінген шағын автобус биіктігі тоғыз метрлік көпірден құлап кетті, абырой болғанда құрбандар жоқ.

ProUfu.ru сайтының хабарлауынша, Toyota Hiace-тың 23 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, тосқауылды бұзып өтіп, биіктігі тоғыз метрлік көпірден құлаған.

Шағын автобус қатты қирағанымен, жолаушылар аман қалды. Салонда жүргізушімен қосқанда бес адам болған, оның үшеуі түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Фото: bashinform.kz

Соңғы жаңалықтар