Башқұртстанда жасөспірім оқушыларға пышақпен шабуылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанның Стерлитамак қаласында №1 мектепте төтенше жағдай болды. Оқушы мектеп оқушыларына пышақпен шабуыл жасап, кейін мектептегі сыныпты жағып жіберген, деп хабарлайды «Башинформ».

«Бір бала мектепте пышақпен жүгіріп жүрді. Мұғалім есікті ұстап тұрған, кейін кабинетке кіріп кеткен. Есі ауысқан жігіт қызға пышақты сұғып алған, қорыққан қыз екінші қабаттан секіріп кеткен», - дейді оқиға куәгерлері.

Барлық оқушылар түтінге оранған ғимараттан эвакуацияланды. Республикалық денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ресми дерегі бойынша, үш бала мен бір ересек адам зардап шеккен. Оларды Стерлитамак ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр.

Башқұрстан ІІМ білім беру мекемесіне шабуыл жасалғанын растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар