Бас прокурор өзін өртеп жіберген әйелдің мәселесін өз бақылауына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов өзін өртеп жіберген әйелдің мәселесімен жеке айналысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның пайымынша, адамдар бұндай қадамға жергілікті жерлерде олардың проблемасына құлақ асар ешкім болмаған жағдайда барады. Сонымен қатар Бас прокурор оның шағымданған мәселесі бойынша шешімді алдын ала заңсыз деп тану дұрыс емес екенін атап өтті.

Прокуратураға келетін шағымдар тым көп екеніне тоқталған ол, «Адамдар бұл қолдауды сезінуі үшін жаһандық жүйелі өзгерістер қажет»,-деді Ж. Асанов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жалпы отырыс барысында.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Бас прокуратурада 2,5 млн. өтінімдер қаралуда.

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсанда Астанада Бас прокуратура ғимаратының жанында әйел адам өзін өртеп жіберді. Осы арқылы ол өзінің баласына қатысты сот шешімімен келіспейтінін білдіріп, биліктің назарын аударуға тырысқан. Осы оқиғадан кейін ол №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар