Бас прокурор ақтөбелік бизнесмендерді колонияларда өндіріс ашуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездескен еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов бизнесмендерді колонияларда өндіріс ашуға шақырды.

"Басқа сегмент - "түрме халқы". Бізде олардың саны - 30 мың адам. Олар онда еңбек дағдыларын жоғалтады. Ертең шығады да, қайтадан қылмысқа барады. Екі жыл бұрын біз "Колониядағыларды еңбекпен қамту - 2017" жобасын таныстырдық. Содан соң тарихта бірінші рет 30 сотталған азамат кішігірім болса да, өз бизнесін ашты», - деп атап өтті ол.

Бас прокурордың айтуынша,  Ақтөбе облысында 13 кәсіпкер коллонияларда 121 жұмыс орнын ашқан.

«Сіздерді колонияларға батыл түрде баруға шақырамыз. Онда өндірістік алаңдарға жалдау ақысы жоқ. Одақ кезінен бері көпшілік прокуратураны жазалайтын орган деп біледі. Алайда, біз ең алдымен құқық қорғайтын органбыз. Біз әрқашан сұхбаттасуға дайынбыз. Аймақтың гүлденуі көп жағдайда сіздерге байланысты», - деді Ж.Асанов.

Соңғы жаңалықтар