Бас прокуратураның жобалары Ресейде үздіктердің қатарынан табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Ресей Федерациясының Үкіметінде «Проектный Олимп» атты халықаралық байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Аталған байқауда бас прокуратураның 5 бірдей жобасы жеңімпаз атанды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Жылдың үздік жобасы - кешенді жобаны басқару» номинациясы бойынша 1-орынды «Түрмедегілердің санын азайту бойынша 10 шара» жобасы жеңіп алды. Жүлдені Ресей Федерациясы Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары Акимов М.А. табыстады.
null 

«Прокуратура. Smart - басқару» номинациясында «Бизнесті қорғау» жобасы бірінші орын алды. Екінші орынға - «Заңдылық». Үшінші орынға- «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» және «Прокуратураға - үздік кадрлар» жобалары ие болды.Сонымен қатар «Цифрлық үздік жоба» жекелеген номинациясында «Заңдылық» жобасы жеңіске жетті. Бас прокуратураның «Өзгерістер бағдарламасы» ішкі коммуникациясының жүйесі арнайы сертификатпен марапатталды
null 

null 

null 

Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Сараптама орталығы «Проектный Олимп» мемлекеттік секторда кәсіби жобалық басқару бойынша байқауды жыл сайын өткізеді. Байқауға федералды және муниципалдық мемлекеттік органдармен қатар Сбербанк, Росатом және басқа да ресейлік бизнес алпауыттары қатысты.
Жалпы алғанда 250-ден аса өтініш беріліп, олардың 77-сі ғана финалға өткен. Мемлекеттік секторда жобалық басқару бойынша Қазақстаннан Бас прокуратура жалғыз финалға шықты. Аталмыш байқаудың мақсаты - жобалық басқарудың тиімді құралдарын өз қызметіне белсенді енгізуші және ұлттық тәжірибені дәріптеуші мемлекеттік сектордың мекемелерін қолдау болып табылады.

«Прокуратура органдарында жобалық менеджмент енгізу өткен жылдан бастап белсенді қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда прокуратураның қоржынында 300-ге жуық бастамалар бар. 50 жоба әсер ету аймағында, 25-і прокуратураның бақылауында, сондай-ақ 11 жоба Бас прокуратураның жеке бақылауында тұр. Байқау барысында мекемеде жобаларды басқару жүйесінің тиімділігі бағаланады. Әріптестерімізді лайықты жеңісі мен халықаралық деңгейде мойындалғандығымен құттықтаймыз»,-делінген прокуратура таратқан мәліметтерде.
null 

Соңғы жаңалықтар