Бас Прокуратурада радикалдың типтік әлеуметтік психологиялық портреті жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесіп, онда ведомствоаралық топ жұмысының қорытындылары туралы айтты.

«Бүгінгі күні біз радикалдың типтік әлеуметтік психологиялық портретін жасадық. Бұл бейненің артында не кәнігі бандит не маргинал тұрғанын анық білеміз. Айтқандай, олардың көпшілігі исламның не екенін білмейді. Құранды оқымаған немесе әдейі оқығысы келмейді, жұмыс істеуге құлқы жоқ, отбасылық құндылықтар мен мемлекет институттарын жоққа шығарады, биліктің көмегінен бас тартады. Бұны түсіну бізге жақын арада оларға қарсы іс-қимыл жасаудың тәсілдерін түзетуге мүмкіндік береді.

Егер ақпарат болмаса, төтенше жағдай кезінде қандай дүрбелең болатынын бәріміз білеміз. Сондықтан 500-ден астам журналистер, блогерлер, баспасөз хатшылары үшін арнайы тренингтер өткіздік. Олар шиеленісті жағдайларда хабарлау шеберліктерін меңгерді.

Әрбір азаматтың теракт немесе оның қаупі кезінде не істеу керектігін білуі маңызды. Бұл үшін бір ай ішінде аймақтың 23 мың тұрғынымен 199 іс-шара өткіздік. Бұл дағдыларға сондай-ақ 2,5 мың мектеп оқушысы мен олардың мұғалімдері үйренді. Олар үшін 30 сабақ өткізілді.

Қоғамдық орындарда 12 мың тұрғынға тақырыптық көрнекі буклеттер тараттық. Адамдарға теракт қаупі немесе ол жасалған кезде не істеу керектігін, бұл туралы кімге және қандай арналар арқылы хабарлау керектігін, бұндай жағдайда өзіңді және жақындарыңды қалай қорғау қажеттігін айқын түсіндірдік.

Терактілерден қорғану жүйесін 49 объектіде жүргіздік. Олардың жұмысшыларына ТЖ туындаған кезде жасалатын әрекеттерді үйреттік», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар