Бас прокуратура ОҚО-дағы оқушыны зорлауға қатысты істі өз бақылауына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған оқушы қызды зорлау ісін өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.
«Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алдынды. Іс Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-іне берілді. Іс бойынша облыстық прокуратурада прокурорлық іс жүргізу тағайындалды», делінген жазбада.  Сондай-ақ, оқиға болған Бәйдібек ауданының прокуроры Әбутәліп Мұстафаев қызметінен шеттетілді.

Еске сала кетсек, Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында  8-ші сынып оқушысын зорлады деген күдікпен 21 жастағы жігіт қамауға алынған болатын. Оқушы қыздың туыстары полицейлер тиісті шара қолданбады деп Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялаған еді.  
«Түлкібас ауданының 1996 жылғы тұрғынының үстінен ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып жатыр. Және тергеушілер бірнеше сараптама тағайындаған. Сараптама қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп мәлім етті облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Соңғы жаңалықтар