Бас прокуратура «Маxаббаттың» үлескерлеріне кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин Астанадағы "Маxаббат" тұрғын үйі үлескерлерінің тағы да көмек сұрап келгенін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Міне, маған жаңа ғана xабарлады. Бас прокуратура жанындағы құқықтық қызмет орталығына "Маxаббат" тұрғын үйінің үлескерлері келді. Қазір біз тағы да оларға бәрін түсіндіретін боламыз", - деді Лукин заң-жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, "Маxаббаттың" үлескерлері "ҚазЭкспортАстық" агрофирмасынан пәтерлерді жалға алып, біртіндеп сатып алуға келіскен. Алайда ол пәтерлер "ҚазАгроХолдинг" компаниясына сатылып кеткен. Үш жыл бұрын үлескерлер сотқа жүгінген еді. Алайда баспананы жалға алғанын дәлелдей алмады. Себебі қолда нақты келісімшарт болмай шықты.

"Енді, сол уақыттан бері ештеңе өзгермеді. Өзімде ешқандай жаңалық жоқ. Соттың нақты шешімі бар. Оны сот орындаушыларына тапсырып қойған. Бізге қатысы жоқ. Сот шешімі болса, оны орындау қажет. Басқа не айта аламыз?.. Сот бар ма? Бар. Сот шешімі бар ма? Оны орындау қажет. Алайда үлескерлер оны орындағысы келмейді. Сот шешімі күшіне енді. Өркениетті елміз ғой, оны орындау керек", - деді Лукин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Соңғы жаңалықтар