Бас прокуратура күдіктіні Черногориядан экстрадициялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратура және Қазақстанның ІІМ Интерполының қызметкерлері Черногориядан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Александр Лясотаны экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Бас прокуратураның Солтүстік Қазақстан облысы ІІД іздестіріп жүрген адамын беру туралы тиісті сұрауын Черногорияның Әділет министрлігі қанағаттандырды. Ұсталған адамға 2016 жылы Петропавл қаласында азаматтарға қатысты күш қолдана отырып, қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзды деген күдік келтірілген», делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыс жасаған Лясота қылмыстық қудалау органындарынан қашып жүргендіктен халықаралық іздестіру жарияланған.

Былтыр тамыз айында Лясотаны Тиват қаласындағы әуежайда Черногория Интерполының қызметкерлері ұстаған.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар