Бас прокуратура ҚДТ-ның неліктен экстремистік ұйым деп танылғанын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасының өкілдері Мұхтар Әбілязовтың басшылығындағы «Қазақстанның демократиялық қозғалысы» неліктен экстремистік ұйым деп танылғанын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әбілязов «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атынан әлеуметтік желіде белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Өз жарияланымдарында ол азаматтарды ҚДТ құрамына қосылуға шақырады. Қазіргі биліктің жайсыз бейнесін қолдан жасап көрсеткісі келеді. Азаматтарды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға қарсы қойып, әлеуметтік алауыздықты тудырғысы келеді. Кешенді түрде жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, ол жоспарлы әрі мақсатты түрде азаматтарды билікке қарсы белсенді әрекет етуге үндеп, осылайша әлеуметтік алауыздықты тудыруды мақсатқа жетудің, билікті күшпен басып алып, Конституциялық құрылымды өзгертудің амалы ретінде қарастыруда. Аталмыш ұйғарым сот сараптамасымен расталды», - деді ОКҚ-да өткен жиында ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастығының орынбасары Анна Жданова.

Ол, сонымен қатар, ҚДТ-ның неліктен экстремистік ұйым деп танылғанын атап өтті.

«Экстремизм мен терроризмге қарсы заң бойынша әлеуметтік алауыздықты тудыру, билікті күшпен басып алу, Конституциялық құрылымды өзгерту саяси экстремизмге жатады. Осы себепті сот ҚДТ қозғалысының экстремистік ұйым деп таныды», - деді Анна Жданова.

Еске сала кетсек, бүгін Бас прокуратураның өкілдері ОКҚ-да Мұхтар Әбіләзовқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар