Бас прокуратура экономикалық қылмыстардың не себепті төмендегенін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпорындарды негізсіз тексеруді доғаруға ІТ-жүйенің ықпалы зор болады. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республика аумағында жасалатын қылмыстардың 90 пайызға жуығы жұмыссыздарға тиесілі, яғни ешқандай кәсіппен айналыспайтындар осындай қадамға барады. Бүгін форум барысында министр машина жасушылар шамамен 11 мың жұмыс орнын құрғанын атап өтті. «Прокурор елдегі заңдылық пен криминогендік ахуалға жауап беретінін білесіздер. Еліміздегі бизнестің дамуына келдергі келтіретін бағыттарға талдау жасадық. Бұл ретте елеулі сипатқа қылмыстық процесс ие болып отыр. Дәл осы жерде құқық қорғау органдары тарапынан қысымға алу фактілері орын алады. Бұл жағдайға түсіп қалған компаниялардың жартысына жуығы өзінің қызметін тоқтатқан, осының салдарынан жұмыс орындарының жабылуы орын алады»,-деп тоқталды ол Қазақстан машина жасаушыларының V форумында.

Осы орайда М. Ахметжанов ахуалды оңтайландыру үшін экономикалық қылмыстарды тіркеу тәртібінің ержесі мен тәртібіне өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Нәтижесінде, тіркелген қылмыстық істер 4 есеге азайды. Егер де бұрындары әр айда шамамен 800 қылмыстық іс көрініс тапса, бүгінде 200 деңгейінде. Бұның өзінде негізгісі көлеңкелі экономикаға қатысты. Біз осымен шектелмей, биыл елеулі түрде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру мен декриминализацияны жүргіздік»,-деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары. 

Сонымен қатар ол тексерулер саны айтарлықтай азайғанын атап өтті.

«Алайда басқа да көлеңкелі тұстары анықталып жатыр. Мәселен, биыл ірі бизнес 7,5 мың тексеруге іліккен және оның жартысынан астамы босқа жасалған. Осы орайда бұл бағытта тиісті талдау жасадық. Неліктен мұнайдай жағдайлар орын алуда? Бүгінде тек экология саласында есеп уақтылы тапсырылмаса, онда тәуекел аймағына енгізіледі екен. Бұл тұрғыда заңды негізде барып, тексеру жүргізуге болады. Белгілі болғандай, аталған негіздер бойынша 520 кәсіпорынды тексерген. Сондықтан біз қажетті шаралардың барлығын ІТ-жүйеге ауыстыруды ұсынамыз. Адами факторды барынша шектеу керек»,-деді Марат Ахметжанов. 

Соңғы жаңалықтар