Бас прокуратура бизнесмендер арасында дауларды соттан тыс шешудің тетігін құрмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура бизнеске салынатын орасан зор әкімшілік айыппұлдарды қысқартуды ұсынды. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездескен еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов айтты.

"Бизнесті қорғау саласындағы жұмыстың тағы бір маңызды бағыты - бұл азаматтық даулар және әкімшілік істер. Жыл сайын соттарға 700 мыңнан астам талап арыздар келіп түседі. Бұл 1,5 млн. жеке және заңды тұлғалар. Кез келген адамнан "Қалыңыз қалай?" деп сұрасаңыз, "Соттасып жатырмын" деген жауапты жиі естисіз. Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Энергетика министрлігі жанындағы Дауларды қарау бойынша апелляциялық комиссияны құру туралы біздің ұсынысымызды Үкімет қолдады», - деді Бас прокурор.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Бас прокуратура бизнесмендер арасында дауларды соттан тыс шешудің тетігін құруды ойластырып жатқанын, осы мақсатта "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүмкіндігін қолдану дұрыс болатындығын атап өтті.

«Болар-болмас бұзушылықтар үшін өте үлкен әкімшілік айыппұлдардың салынуы бизнес үшін үлкен ауыртпалық болып отыр. Олар келтірілген шығыннан әлдеқайда жоғары болады және бизнесті шығынға батырады. Мысалы, егер сіз табиғи монополияның кішігірім субъектісі болсаңыз және уақытында есеп бермесеңіз, онда жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлейсіз. Бизнес "көлеңкеге кетпес" үшін айыппұлдарды 50 пайызға дейін қысқартуды, ал болар-болмас бұзушылықтар үшін ескертумен шектелгенді ұсындық. Сонымен қатар бұзушылықтар жойылған болса, рұқсат беруді қалпына келтіру мүмкіндігін ұсынып отырмыз", - деді Бас прокурор.

Соңғы жаңалықтар