«Барыстың» намысы жоқ - Мырзатай Жолдасбеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков "Барыс" xоккей клубының ойындарын қалт жібермей, көріп отырады. Ол жанкүйер ретінде командаға көңілі толмайтындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстанда xоккейді дамыту шаралары қолға алынды. "Барыс-Арена" сияқты үлкен спорт сарайы да салынды. Алайда жылда бір ойын: плей-оффқа өліп-талып жеттік пе, жетпедік пе деп отырады. Жетеді сонан кейін жүйкелейді. Осыны ойламайтындарды қуу қажет. Сосын басқа командаларды қарасаң, өз әнұрандарын айтып тұрады. Ал біздің спортшылар бастары төмен салбыратып, әнұранды айтуға намыстанып тұратын сияқты көрініс береді. Ондайларға ақшаны неге төлейміз?", - деді М. Жолдасбеков бүгін қоғамдық кеңестің отырысында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қоғамдық кеңес алдындағы есеп берді. Сол жерде кеңес төрағасы Мырзатай Жолдасбеков "Астана" велокомандасының менеджментін сынға алды .  Ал министр Мұxамедиұлы әрбір облыс өзіне тән спорт түрін дамытатынын жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар