«Барыс» Виктор Блинов мемориалында екінші рет жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктор Блиновты еске алуға арналған турнирдің үшінші матчында астаналық «Барыс» қатарынан екінші рет жеңіліс тапты, осы жолы елордалық ұжым Хабаровскінің «Амур» командасына есе жіберді - 2:3, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесуді ресейлік хоккейшілер белсенді бастады. Бірінші кезеңде Алексей Бывальцев есеп ашса, жиырмасыншы минут аяқталар кезде «Амур» сапынан Вячеслав Ушенин есепті еселеді. Екінші кезеңнің басында «Барыс» хоккейшілері қарсылас қақпасын дәл көздеді, шайба авторы - Кирилл Полохов. Бұдан кейін де астаналықтар шабуылды үдете түсіп, Нұрсұлтан Белгібаев есепті теңестірді. Ойынның соңғы шешуші кезеңінде Александр Фролов «Амурға» жеңіс әкелді.

«Барыс» - «Амур» 2:3 (0:2, 2:0, 0:1)

Шайбалар:

0:1 - 08:05 Бывальцев (Лютов). 0:2 - 19:31 Вяч. Ушенин (Влад. Ушенин). 1:2 - 23:38 Полохов (Пушкарёв, Тривино). 2:2 - 36:17 Белгібаев (Никулин, Гурков). 2:3 - 51:19 Фролов (Зогорна, Камалов).

Қақпашылар: Кудрявцев - Метсола

Соңғы жаңалықтар