«Барыс» Виктор Блинов мемориалы матчында «Автомобилистен» жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктор Блиновты еске алу турнирінің екінші матчында астаналық «Барыс» Екатеринбургтің «Автомобилистінен» 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлады Sports.kz. 

Бірінші кезеңде  «Автомобилист» жауапсыз үш шайба лақтырып, Астана хоккейшілеріне мүмкіндік қалдырмады, қақпаны «алғандар» - Илья Крикунов, Алексей Михнов және Александр Торченюк.

Үзілістен кейін «Барыс» қарсыластың қақпасына доп соғып үлгерді, мұны  Нұрсұлтан Белгібаев жасады. Матчтың қорытынды бөлігінде  шайба салынбады.   

«Барыс»   ертең, сағат 15:00-де Хабаровскінің «Амурымен» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар